23 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 16:02 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетелдік валюталар бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 545,01 теңгені құрап, 2,08 теңгеге қымбаттады.

Рубльдің бағамы 6,53 теңгеге дейін көтерілді (+0,05).

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңғы саудада 76,55 теңгені құрап, 0,38 теңгеге өсті.

Валюта айырбастау орындарында доллар 544,3–546,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда. Еуро – 640–644,5 теңге, рубль – 6,43–6,55 теңге.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 23 қыркүйектегі саудада төмендеуде.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,63%-ға арзандап, барреліне 66,15 доллар болды.

WTI маркалы америкалық мұнайдың құны 0,58%-ға төмендеп, барреліне 61,92 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 542,67 теңге, еуроны – 638,89 теңге, рубльді – 6,51 теңге деңгейінде бекіткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: