Астанада және Алматыда доллар бағамы 545 теңгеден асты
Фото: Zakon.kz
9 қазан 2025 жылғы жағдай бойынша еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының орташа бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банктің ресми деректеріне сәйкес, доллардың ресми бағамы – 540,06 теңге, еуро – 628,25 теңге, рубль – 6,61 теңге.
Астана қаласында долларды сатып алу орташа есеппен 539,5 теңге, сату – 545,5 теңге деңгейінде. Еуро 626,5–634,5 теңге, рубль 6,54–6,70 теңге шамасында саудалануда.
Алматыда доллардың орташа сатып алу бағамы – 542,5 теңге, сату – 545,5 теңге. Еуро 629,5–634,5 теңге, рубль 6,51–6,63 теңге аралығында.
Шымкентте доллар 540,5 теңгеден сатып алынып, 543,6 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 627,9–633,7 теңге, рубль 6,55–6,61 теңге шамасында.
Айта кетейік, көрсетілген бағамдар материал дайындалған уақыттағы деректерге негізделген. Валюта бағасы күн ішінде өзгеруі мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript