17 қарашадағы саудада доллар бағамы қайта өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 15:49 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 17 қараша күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 524,14 теңгені құрап, 1,37 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,46 теңгеге дейін көтерілді (+0,01).

Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы бағамы 73,90 теңге болды (+0,22).

Валютаны айырбастау пункттерінде доллар 524–525,8 теңге, евро 606,7–610,7 теңге, рубль 6,39–6,50 теңге деңгейінде сатып алынып/сатылуда.

17 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеуде.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,68% арзандап, барреліне 63,95 доллар болды.

Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайының фьючерстері барреліне 59,61 доллардан саудаланып, 0,8% төмендеді.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 522,19 теңге, евро – 606,42 теңге, рубль – 6,47 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: