5 қарашадағы саудада доллар бағамы қайта өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 15:36 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 5 қараша күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,94 теңге болып, 2,2 теңгеге қымбаттады.

Ал ресей рублі керісінше 6,51 теңгеге дейін төмендеді (−0,04),

Қытай юані болса 73,61 теңгеге дейін өсіп (+0,37) тіркелді.

Валютаны айырбастау пункттерінде:

  • доллар 526,2–528,1 теңге аралығында,
  • еуро 602,8–607,6 теңге аралығында,
  • рубль 6,40–6,52 теңге деңгейінде сатып алынып-сатылуда.

Осы күні әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Қаңтар айындағы Brent маркалы мұнай фьючерсі барреліне $64,38 болып, 0,09%-ға арзандады, ал желтоқсанда жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,15%-ға төмендеп, $60,47 болды.

Таңертең Ұлттық банк ресми бағамды төмендегідей белгіледі:

  • доллар – 522,49 теңге,
  • еуро – 601,07 теңге,
  • рубль – 6,47 теңге.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: