20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 16:03 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 20 қараша сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақталған бағамы 518,19 теңге болып, тағы 0,98 теңгеге төмендеді.

Еуроның орташа салмақталған бағамы 598,20 теңге (+0,52) деңгейінде тіркелді.

Ресей рублі 6,44 теңге деңгейінде қалды.

Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 72,82 теңге (-0,30) болды.

Валюта айырбастау пункттерінде доллар 519,2–527,6 теңгеден, еуро 600,2–604,6 теңгеден, рубль 6,34–6,46 теңгеден сатып алынып, сатылуда.

Әлемдік мұнай бағалары 20 қарашада өсті.

Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына фьючерсі 0,7%-ға өсіп, баррелі $63,94 болды.

WTI маркалы мұнай қаңтар айына 0,7%-ға қымбаттап, баррелі $59,67 деңгейіне жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 519,41 теңге, еуроны 600,85 теңге, рубльді 6,41 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: