25 желтоқсандағы сауда барысында доллар бағамы өсті
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 512,81 теңгені құрады. Ол алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,34 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,55 теңгеге дейін көтерілді (+0,04 теңге).
Юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағасы 511,1–513,9 теңге аралығында, еуро – 600,9–606,5 теңге, рубль – 6,41–6,53 теңге деңгейінде қалыптасты.
25 желтоқсанда әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді.
Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,14 долларға арзандап, 62,24 доллар болды.
Нью-Йорк биржасында Light маркалы мұнай 0,03 долларға төмендеп, баррелі 58,35 долларды құрады.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 511 теңге, еуроны 602,72 теңге, рубльді 6,49 теңге деңгейінде белгіледі.