25 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы одан әрі төмендеді

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,036 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,20 теңгеге (-0,02) түсті.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 70,75 теңге (-0,16) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 514,9-517,3 теңге, еуро 584-588 теңге, рубль 6,08-6,2 теңге аралығында сатылуда.
25 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны барреліне $67,03 құрады, бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуындағы көрсеткіштен 0,72%-ға жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда алаңында маусым айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,84%-ға өсіп, $63,32-ға дейін көтерілді.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 517,16 теңге, еуроны 588,48 теңге, рубльді 6,23 теңге деп белгіледі.