3 ақпандағы сауда-саттықта доллар тағы арзандады

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 15:48 Фото: freepik
2026 жылғы 3 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 503,44 теңгені құрап, 1,73 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,54 теңгеге дейін арзандады (-0,05).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 72,60 теңге болды (+0,03).

Айырбастау пункттерінде доллар 503,4–505,5 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 594,3–598,7 теңге, рубль – 6,46–6,58 теңге.

Сонымен қатар, 3 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы да төмендеді.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,26 долларға арзандап, 66,04 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,2 долларға төмендеп, баррелі 61,94 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 505,17 теңге, еуроны – 599,54 теңге, рубльді – 6,59 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: