Ұлттық банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды қайта қарамақ

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 14:21 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов Президенттің төрағалығымен 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) табыстылығын арттыру жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстанның алтын-валюта резервтері тарихи ең жоғары деңгейге – 65,4 млрд АҚШ долларына жеткен, ал өткен жылғы табыстылық 43 пайызды құраған.

"Өткен жылы ішкі нарықтан 66 тонна алтын сатып алдық. Бұл бізді әлемде алтын сатып алу бойынша екінші орынға шығарды. Жыл соңында алтын портфелі 345 тоннаға жетті. Зейнетақы активтері 12%-ға өсіп, 25,1 трлн теңгені құрады. Ал БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісі 1,8 трлн теңге болды", – деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, Ұлттық банкте Ұлттық қордағыдай жоғары табысты активтер үлесін арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, акциялар мен баламалы инвестициялық құралдардың үлесін көбейту көзделген. Бұл шаралар қордың ұзақ мерзімді табыстылығын арттыруға бағытталған.

"Зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін алмастыру коэффициентін арттыру қажет. Бұл, өз кезегінде, БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын алынатын қаражаттың шекті мөлшеріне қойылатын талаптарды қатаңдатуды талап етеді", – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы халықтың қарыздану деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: