Қазақстанда Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрылды

Криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 15:53 Фото: unsplash
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы нарығының киберқауіпсіздік стратегиясы іске қосылғанын және Ұлттық стратегиялық крипторезервтің құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің басым бағыттарының бірі – киберқауіпсіздік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 2026–2030 жылдарға арналған қаржы нарығының киберқауіпсіздік стратегиясы іске асырыла бастайды.

"Ұлттық банктің маңызды жұмыс бағыттарының бірі – елдің халықаралық резервтерін басқару. Ұлттық резервтерді әртараптандыру мақсатында Ұлттық стратегиялық крипторезерв құрылды. Осыған байланысты заңнамалық түзетулер әзірленіп, Ұлттық банктің басқаруындағы цифрлық активтердің инвестициялық портфелі қалыптастырылды. Крипторезервті қалыптастыру көздері ретінде алтын-валюта резервінен (АВР) және Ұлттық қордан салынатын инвестициялар, сондай-ақ Үкімет шешімімен тәркіленген активтер айқындалды. Активтерді сақтау Орталық депозитарийде жүзеге асырылады. Ол криптокастодиан ретінде қызмет атқарып, егемен активтердің шетелдік юрисдикциялар тарапынан ықпал етуінен қорғалуын және қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді", – деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Қазақстанда Жасанды интеллект қоры құрылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: