Қазақстанда салық есептілігін тапсыру мерзімі 16 ақпанда аяқталады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 15:22 Фото: pexels
Қазақстанда 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша салық есептілігін тапсыру қажет. Тапсыру мерзімі 2026 жылғы 16 ақпанда аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" ақпараттық жүйесі келесі салық есептілігі нысандарын тапсыру қажет екенін еске салады:

2025 жылғы желтоқсан үшін:

  • 400.00 нысан – Акциз бойынша декларация;
  • 421.00 нысан – Құрылымдық бөлімшелер үшін есеп.

2025 жылдың 4-тоқсаны үшін:

  • 101.03 нысан – Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп;
  • 101.04 нысан – Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп (жер қойнауын пайдаланушылардың резидент еместің құн өсімінен түскен табыстарынан);
  • 200.00 нысан – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  • 300.00 нысан – ҚҚС бойынша декларация;
  • 500.00 нысан – Роялти, өндіру бонусы, өнімді бөлу, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларация;
  • 510.00 нысан – Қол қою бонусы бойынша декларация;
  • 531.00 нысан – Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп);
  • 560.00 нысан – Тарихи шығындардың орнын толтыру төлемі бойынша декларация;
  • 570.00 нысан – Экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация;
  • 590.00 нысан – Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
  • 641.00 нысан – ФСЗ, МӘМС, МӘСҚ, МЗЖҚ және ОПАД-қа аударымдар бойынша есеп;
  • 710.00 нысан – Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;
  • 860.00 нысан – Жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
  • 870.00 нысан – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;
  • 880.00 нысан – Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация;
  • 913.00 нысан – Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.

2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін:

  • 910.00 нысан – Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация.

2026 жылға:

  • 701.01 нысан – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі:

- егер есептелген салық сомасы 300 АЕК-тен асатын болса;

- 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша келіп түскен немесе есептен шығарылған объектілер бойынша.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: