13 ақпандағы саудада доллар бағамы тағы өсті
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 496 теңгені құрап, тағы 1,49 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,41 теңгеге дейін көтерілді (+0,02).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 71,86 теңге болды (+0,29).
Айырбастау пункттерінде доллар 495,4–497,8 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр. Еуро бағамы 586,4–591,1 теңге, рубль 6,35–6,46 теңге аралығында.
Сонымен қатар 13 ақпанда әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Сәуір айындағы Brent маркалы мұнай фьючерсі 0,1%-ға арзандап, барреліне 67,44 доллар болды.
Наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай да 0,1%-ға төмендеп, барреліне 62,75 долларды құрады.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 494,28 теңге, еуроны – 587,06 теңге, рубльді – 6,4 теңге деңгейінде белгілеген еді.