6 мамырдағы валюта саудасы: доллар арзандап, юань қымбаттады
Фото: freepik
2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-дағы күндізгі валюталық сауда-саттық қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 463,41 теңгені құрап, 1,49 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,18 теңгеге дейін көтеріліп, 0,03 теңгеге өсті.
Қытай юанінің орташа бағамы 68 теңге болып, 0,35 теңгеге қымбаттады.
Айырбастау пункттеріндегі бағамдар:
- Доллар: 463,4 – 465,6 теңге
- Еуро: 542,1 – 547,3 теңге
- Рубль: 5,98 – 6,10 теңге
Сонымен қатар, әлемдік мұнай нарығында да төмендеу тіркелді.
Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері ICE биржасында 3,25%-ға арзандап, барреліне 106,30 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстері NYMEX биржасында 3,62%-ға төмендеп, 98,57 доллар деңгейінде қалыптасты.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкі 6 мамырда доллар бағамын 465,01 теңге, еуроны 543,55 теңге, рубльді 6,15 теңге деңгейінде бекіткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript