13 мамырдағы сауда қорытындысы: доллар бағамы өсуін жалғастырды
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 467,63 теңгені құрап, 3,44 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,40 теңгеге дейін көтерілді (+0,12).
Ал юаньның орташа сараланған бағамы 68,67 теңгені құрап, 0,25 теңгеге қымбаттады.
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы 468,7–471,2 теңге аралығында, еуро – 547,7–553,2 теңге, рубль – 6,19–6,33 теңге аралығында саудалануда.
13 мамырда әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,1%-ға арзандап, барреліне 106,55 доллар болды.
Ал америкалық West Texas Intermediate мұнайының фьючерстері де 1,1%-ға төмендеп, барреліне 101,02 долларды құрады.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 463,91 теңге, еуроны – 544,63 теңге, рубльді 6,26 теңге деңгейінде белгілеген болатын.