5 мамырдағы сауда-саттық қорытындысы: доллар бағамы тағы өсті

Разная валюта, разные валюты, обменник, обменники, обмен валют, курс валют, обмен валюты, курс валюты, доллары, евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 15:46 Фото: freepik
2026 жылғы 5 мамырда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,01 теңгені құрап, 0,41 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 6,15 теңге болды.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 464,3–466,2 теңге аралығында қалыптасты. Еуро бағамы 541,3–546,3 теңге, ал рубль 5,94–6,07 теңге аралығында саудалануда.

Сонымен қатар әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді.

Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,01 долларға арзандап, 113,43 доллар болды.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light маркалы мұнай 2,11 долларға төмендеп, барреліне 104,31 долларды құрады.

Еске салайық, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 464,53 теңге, еуроны 543,73 теңге, ал рубльді 6,15 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: