3 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар мен рубль арзандады

Рубль, рубли, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс рубля, курс рубля к тенге, рубль к тенге, доллар и рубль, доллары и рубли, рубль и тенге, рубли и тенге, разная валюта, разные валюты , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 15:50 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 3 маусымда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасы шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттықты аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 489,31 теңгені құрап, 3,44 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы да арзандап, 6,68 теңгеге жетті (-0,08 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,25 теңге болып, 0,83 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 488,6–491,2 теңге аралығында саудалануда, еуро – 567,8–573,1 теңге, рубль – 6,47–6,61 теңге аралығына саудаға түсуде.

Сонымен қатар, 3 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.

ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері 2,64%-ға қымбаттап, барреліне 98,53 долларға жетті.

Ал NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының шілде айына арналған фьючерстері 2,84%-ға өсіп, барреліне 96,42 доллар болды.

Бұған дейін таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 493,15 теңге, еуроны 574,17 теңге, рубльді 6,77 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: