Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады
Фото: freepik
Қазақстанда 2026 жылғы 20 шілдеде бірқатар салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептілікті тапсыру және төлем жасау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей мынадай салықтық есептілік нысандарын тапсыру қажет:
- 328.00-нысан – 2026 жылғы маусым айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00-нысан – 2026 жылғы маусымда жер учаскесін пайдалану туралы шарт жасалған немесе лицензия алынған жағдайда жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі;
- 870.00-нысан – 2026 жылғы маусымда рұқсат құжаты алынған жағдайда, 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы декларациясы.
- Сондай-ақ осы күнге дейін мынадай төлемдерді төлеу қажет:
- 2026 жылғы маусым үшін ЕАЭО аясындағы қосылған құн салығы (ҚҚС);
- 2026 жылғы маусым үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан импортталатын тауарларға салынатын акциз;
- 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы;
2026 жылдың II тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға байланысты орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
2026 жылдың II тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript