Ұлттық банк қызметкерлері бұрын төленген сыйақыларды қайтарды
Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің төраға орынбасары Әлия Молдабекова 2026 жылғы 24 шілдеде өткен брифингте қызметкерлерге бұрын заңсыз төленген сыйақыларға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның ұйғарымына сәйкес, Молдабекова осы жылдың 1 сәуіріне дейін алтын-валюта активтерін басқаруға қатысы жоқ қызметкерлерге төленген сыйақыларды бюджетке қайтаруы тиіс болған. Алайда белгіленген мерзімнің сақталмауына байланысты оған әкімшілік айыппұл салынған.
"Өкінішке қарай, нақты сома туралы мәліметті жариялай алмаймыз. Бұл – жеке деректер, олар құпия болып саналады. Маған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаным үшін айыппұл салынды, өйткені Жоғары аудиторлық палатаның ұйғарымында көрсетілген мерзімге дейін талапты орындап үлгермедік. Дегенмен қажетті шаралардың барлығын қабылдап жатырмыз. Кешігіп болса да, ұйғарым толық орындалады. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ, күшіне енген соң айыппұлды төлеймін", – деді Әлия Молдабекова.
Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қызметкерлерге төленген сыйақылардың қайтарылуына қатысты пікір білдірді.
"Олар қайтарылды. Негізгі мәселе сол қаражатты қайтаруда болды. Қызметкерлерге төленген ақшаны біз олардан кезең-кезеңімен ұстап қалдық", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің майнинг қызметінен түсетін табыстың бір бөлігін қалай пайдалануды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript