Әлемдік нарықта алтын қымбаттады
Фото: пресс-служба Национального банка РК
2026 жылғы 18 маусымнан бері алғаш рет Comex биржасында желтоқсанда жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы бір трой унциясы үшін 4 250 АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының мәліметінше, 5 тамыз күні Қазақстан уақытымен сағат 16:57-де алтын бағасы 1,56%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4 251 АҚШ долларына жеткен.
Ал сағат 18:16-дағы мәлімет бойынша өсім одан әрі жеделдеп, желтоқсандық алтын фьючерсінің құны 1,88%-ға қымбаттап, бір трой унциясы үшін 4 264,5 АҚШ долларын құрады.
Бұған дейін бағалы металл бағасының шарықтауына не әсер етуде екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript