Қазақстанда ет бағасының өсуі бәсеңдеді: себебі неде

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 17:04 Фото: Zakon.kz
2026 жылдың басынан бері ет бағасы сатып алушыларды алаңдатып келді. Кей айларда еттің кейбір түрлерінің жылдық қымбаттауы 30%-ға жуықтады. Қыркүйекте жағдай өзгере бастады. Әрине, бағалар әлі де өсіп жатыр, алайда бұрынғыдай қарқынмен емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағаның қарқынды өсуі тоқтады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2026 жылдың басынан бергі деректерін қарасақ, қаңтарда ет бағасының жылдық өсімі мынадай болған:

  • сүйекті сиыр еті – 28,7%;
  • сүйексіз сиыр еті – 30,9%;
  • жылқы еті – 17,7%;
  • қой еті – 29,1%;
  • тартылған ет – 27%.

Шілде айының соңына қарай көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді. Сүйекті сиыр етінің жылдық қымбаттауы 15,6%,сүйексіз сиыр еті – 14%, жылқы еті – 14%, қой еті – 27,7%, тартылған ет – 15,3% болды.

Тамызда төмендеу жалғасты: тиісінше 12,2%, 10,1%, 11,8%, 24,3% және 12,9%.

Қазір 12 айдағы өсім сүйекті сиыр еті бойынша 8,8%, сүйексіз сиыр еті бойынша – 7%, жылқы еті бойынша – 9,6%, тартылған ет бойынша – 11% болды.

Көріп отырғанымыздай, бағаның жалпы өсімі бір таңбалы көрсеткішке жақындап келеді. Әсіресе сүйексіз сиыр етінің бағасы айтарлықтай өзгерген: қаңтарда оның жылдық қымбаттауы 30,9% болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 7%-ға дейін төмендеді. Ерекшелік – қой еті. Бір жыл ішінде оның бағасы 21,7%-ға өскен.

Қазір ет қанша тұрады?

23 қыркүйектегі ел бойынша орташа бағалар:

  • сүйекті сиыр еті – 1 кг үшін 3 810 теңге;
  • сүйексіз сиыр еті – 5 021 теңге;
  • жылқы еті – 4 319 теңге;
  • қой еті – 4 530 теңге;
  • тартылған ет – 4 338 теңге;
  • тауық еті (сүбе) – 1 740 теңге;
  • тауық еті (сан еті, сирақ және т.б.) – 1 кг үшін 1 766 теңге.

Жаздағы бағаның төмендеуіне байланысты ет бұрынғы қымбаттау қарқынын ішінара өтеп, қаңтардан бері баға айтарлықтай өсе қоймаған.

  • сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 191 теңгеге немесе 5,3%-ға өсті;
  • сүйексіз сиыр еті 149 теңгеге немесе 3,1%-ға қымбаттады;
  • жылқы етінің бағасы 245 теңгеге немесе 6%-ға өсті;
  • тартылған ет – 153 теңгеге немесе 3,7%-ға;
  • тауық сүбесінің бағасы 57 теңгеге немесе 3,4%-ға;
  • тауықтың саны, сирағы мен қанаты – 91 теңгеге немесе 5,4%-ға қымбаттады.

Алайда жалпы көрініске қой етінің бағасы кері әсер етіп отыр. Қаңтар-қыркүйек аралығында оның орташа бағасы 690 теңгеге немесе 18%-ға өскен.

Ет қай жерде қымбат?

Сүйекті сиыр етінің ең жоғары бағасы қазір Алматыда тіркелген – 1 кг үшін 4 168 теңге. Көкшетауда бұл еттің орташа бағасы 3 476 теңге.

Сүйексіз сиыр еті ең қымбат Шымкентте – 1 кг үшін 5 299 теңге. Ең төмен орташа баға Қызылордада тіркелген – 4 533 теңге.

Жылқы еті Петропавлда қымбат – 1 кг үшін 4 732 теңге. Оралда оның орташа бағасы 3 996 теңге болған.

Қой етінің ең жоғары бағасы Астанада – 1 кг үшін 5 441 теңге. Ең төмен баға Оралда тіркелген – 4 107 теңге.

Аталған ет түрлерінің ішінде баға айырмашылығы тартылған ет бойынша ең жоғары. Астанада оның орташа бағасы 1 кг үшін 5 042 теңге болса, Семейде – 3 402 теңге. Айырмашылық бір килограмына 1 640 теңге.

Қалған азық-түлік өнімдерінің бағасы қалай өзгерді?

Жалпы алғанда, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы 23 қыркүйекке қарай айтарлықтай өзгермеген. Бір апта ішінде азық-түлік себеті 0,1%-ға, жыл басынан бері 1,5%-ға, ал бір жылда 2%-ға қымбаттады.

Бұл ретте себет ішіндегі баға динамикасы әртүрлі болды. Бір аптада қызанақтың бағасы ең қатты өсіп, бірден 22,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа 3,4%-ға, қарақұмық 3,2%-ға өсті.

Сонымен қатар кейбір көкөністер айтарлықтай арзандады. Пияздың бағасы 20,7%-ға, сәбіз 13,6%-ға, картоп 13,4%-ға, қырыққабат 10,1%-ға, алма 5,3%-ға төмендеді.

Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетінің жалпы құны бір жылда небәрі 2%-ға өсті.

Азық-түлік бағасының бәсеңдеуі – жалпы үрдістің бір бөлігі

ӘМАТ бағасының өсу қарқынының бәсеңдеуі инфляциялық қысымның жалпы әлсіреуі аясында болып отыр. Қыркүйекке қарай Қазақстандағы жылдық инфляция 10,3%-дан 9,8%-ға, азық-түлік инфляциясы 10,2%-дан 9,5%-ға төмендеді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жалпы инфляцияның бәсеңдеуін бірнеше фактор байланыстыратынын айтты.

"Ақша-кредит саясаты және мұнай бағасының қолайлы болуының арқасында нығайып отырған теңге импорт құнының төмендеуі арқылы инфляцияны айтарлықтай бәсеңдетіп отыр", – деді Тимур Сүлейменов.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасының айтуынша, реттелмейтін қызметтер бағасының өсу қарқыны 8,9%-ға дейін баяулап, қызмет көрсету саласындағы инфляция да төмендеген.

Халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеуі де оң белгі болып отыр. Шілдеде бір жылға арналған инфляциялық болжамдар 13,4%-дан 12,1%-ға дейін айтарлықтай төмендеді.

Тағы бір маңызды себеп – мұнай өндіруді есепке алмағанда, экономиканың өсуі. Мұнай емес сектордағы оң динамикаға байланысты ЖІӨ өсімі 5,4% деңгейінде бағаланып отыр. Бұл өз кезегінде халықтың сұранысын және саудадағы белсенділікті арттырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: