Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі косметологияға барғанда сертификат талап етуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі косметологияға барғанда сертификат талап етуді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 21:36 Сурет: pixabay
Кейінгі кезде арнайы дәрілік препараттардың негізінде инъекциялық ем-шаралар қолданылатын ботулинотерапия (ботокс) ем-шарасы кеңінен сұраныста. Бұл "сұлулық инъекциялары " терінің патологиялық өзгерістерін жасарту және жою мақсатында экстетикалық медицинада жиі қолданылады.

Алайда косметологиялық клиникаларға барған кезде барлығы ботокстың жарамдылық мерзіміне және ең бастысы Қазақстанда осы құралдың тіркелгеніне назар аудармайды.

Бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар "Ботулакс", "Ксеомин", "Вистабель", "ФОРТОКС®️", "Диспорт®️", "Нейронокс" сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.

"Қазақстан Республикасының заңнамасында рецепт бойынша дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айта кету керек. Дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды. Оны мына сілтеме арқылы тексеруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: