Жаңалықтар тізбегі
0

Мүгедектігі бар адаммен қарым-қатынаста нені ескеру керек

Мүгедектігі бар адаммен қарым-қатынаста нені ескеру керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 15:34 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инклюзивті және әркімге құрметпен қарайтын қоғам қалыптастыруда мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикеті маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас құру зейін бөлуді, сезімталдықты және түсіністікпен қарауды талап етеді", - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік бірнеше принципті келтіріп, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасын түсіндірді.

Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас кезінде этикетті сақтауға көмек беретін бірнеше принцип:

  • 1. Дұрыс терминологияны қолданыңыз: терминдерді қолданудағы артықшылықтар әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әңгімелесуші қандай терминді ұнататынын сұраған дұрыс. Жалпы алғанда құрмет танытатын және бейтарап лексиканы ұстану маңызды.
  • 2. Қажет болса, көмек көрсетіңіз: егер сіз мүгедектігі бар адамға көмек қажет екенін көрсеңіз, онда көмегіңізді ұсыныңыз. Бірақ көмегіңізден бас тартса, талап етпеңіз. Әркімнің дербестігі мен қадір-қасиетін құрметтеу маңызды.
  • 3. Тікелей байланысыңыз: егер адамның көмекшісі не аудармашысы болса да, мүгедектігі бар адамның тікелей өзімен қарым-қатынас құрыңыз. Қарым-қатынасты адам өзіне құрметпен қарағанын және өзіне көңіл бөлінгенін сезінетіндей етіп құру маңызды.
  • 4. Қарым-қатынас кедергілерін жойыңыз: егер әңгімелесшінің есту қабілеті бұзылған болса баяу және анық сөйлеңіз. Сөйлеу қабілеті бұзылған жағдайда немесе тілдік кедергілер болса визуал қарым-қатынас құралдарын қолданыңыз. Мысалы, жазбалар немесе қимылдар.
  • 5. Ыңғайлы кездесу орындарын таңдаңыз: кездесу орнын таңдаған кезде кедергілер болмауына мән беріңіз. Мүгедектігі бар адамдарға бейімделген ғимаратты таңдаңыз.
  • 6. Сабырлы болыңыз және жаңа нәрсе үйренуге дайын болыңыз.

"Таныс емес жағдайларға тап болсаңыз немесе қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін білмесеңіз, сабырлы болыңыз және үйренуге дайын болыңыз. Әңгімелесушінің қандай қалауы барын сұраңыз, және бейімделуге дайын болыңыз. Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикетін сақтау өзара түсіністікті қалыптастыруға, инклюзивті қоғамды дамытуға және қоғамның барлық мүшесі арасында өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ықпал етеді", - делінген министрлік хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: