Лондондық келіншек жақсы табыс әкелетін ерекше кәсіпті тапты
Ридус басылымының мәліметінше, 30 жастағы Кристина Линк сертификатталған құшақтаушы терапевт. Оның қызметіне, құшақтау ғана емес, жалғызбасты адамдарға қолдау көрсету де кіреді. Кристина бір сағат жұмысы үшін 65 фунт (шамамен 38 мың теңге) алады.
Линк сүйіктісімен айырылысқаннан кейін «құшақтаушы терапевт» болуды шешеді. Қатты күйзеліске түскен бойжеткен, өзі сынды жабырқап жүрген жандарға қол ұшын созғысы келеді. Сол себепті оқу курсынан өтіп, құшақтасу қызметі сияқты кәсіпті жасауға тырысады.
Кәсіпкер қыздың бір сеансы үш сағатқа дейін созылады. Бұл ретте оның құны 170 фунтқа (99 мың теңге) дейін жетеді. Оның айтуынша, мұндай процедуралар денсаулыққа өте пайдалы, олар қарапайым сөзбен айтқанда, махаббат гормоны болып табылатын окситоцинді өндіруге мүмкіндік береді.
Окситоцин жалғыздықтан, мазасыздықпен және депрессиямен күресуге көмектеседі. Зерттеулер көрсеткендей, оның жұмыс істеуі үшін кем дегенде 20 секунд құшақтасу керек, бірақ адамдар әдетте бірнеше секунд құшақтайды, сондықтан олар ешқашан толық құшақты сезінбейді.Кристина Линк
Терапия Кристинаның медитациялық музыканы қосуынан басталады, содан кейін ол өз клиенттерін қолдарынан ұстап, содан кейін оларды құшақтай бастайды.
Біз бірнеше қалыпта құшақтасамыз: тұрып және жатып. Мен әр 15 минут сайын позициямды өзгертемін, әйтпесе қолым ауырады, сондықтан жылыну керек. Кейбір адамдар басында қобалжиды немесе шашынан сипалағанды ұнатпайды. Сондықтан сеанс алдында нені ұнатпай, қаламайды деген сынды сұрақтарды талқылаймыз. Жұмысты бастағанда, адамдардың өздерін қауіпсіз сезінуі және дұрыс адамдармен жұптасуы маңызды.Кристина Линк.
Кристина үш жылдан бері кәсіби құшақшы болып жұмыс істейді. Кәсібі өзіне бақыт сыйлайтындықтан, тым жоғары баға алмайтынын алға тартты.