Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік: ҰҚТ-ның басшылары мен қатысушылары жауапқа тартылуда

ҰҚТ басшылары ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 11:34 Сурет: ҚР ІІМ
Бірқатар қылмыстықтық топтардың басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz пайымдауынша, қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды:

Екі “Калашников” автоматы, төрт “ПМ” тапаншасы, төрт “Глок” тапаншасы, револьвер, “ТТ” тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, “Сайга-410” тегіс ұңғылы карабині, “Оса” травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді.

Сурет: ҚР ІІМ

Барлық ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: