Қазақстандық келіншек алматылықтарды 25 миллион теңгеге алдап кеткен

алаяқ әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 17:07 Сурет: pixabay
Қазақстандық келіншек Алматы тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартамын деп алдап кеткен. Қазіргі уақытта оның 14 алаяқтыққа қатысқаны дәлелденді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полицейлердің айтуынша, әйел жер, пәтер және басқа да жылжымайтын мүлікті төмен бағаға сатып алуды ұсынған.

Күдікті тұрғындардан 2 миллионнан 7 миллион теңгеге дейінгі алғашқы жарнаны алып, із суытқан. Қазіргі уақытта оның 14 алаяқтық іске қатыстығы дәлелденді», – дейді Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Оның айтуынша, жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асады.

Күдікті қамауға алынды.

Азаматша бұрын сотталмаған. Алайда оның басқа да істерге қатыстығының бар жоғы тексеріліп жатыр», - деп қосты ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: