Ақтаудағы «биші қыздардың» бояуы ағып кетті
Сурет: видеодан скриншот
Ақтаулықтар бояуы кетіп қалған ескерткіштерден шошып жүр. Ұлттық нақышта киінген биші қыздардың мүсіні қала әкімдігінің назарынан тыс қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, мұндайға ашынған тұрғындар, бұл өнерді мазақ қылғанмен тең дейді.
Бояуы кеткен ескерткіштерді көргенде таң қалдым. Негізі жаман дүние емес. Бірақ ұлттық киімде тұрған ескерткіштерді қалпына келтірсе жақсы болар еді. Не дегенмен қазақтың ұлттық киімін киіп тұр ғой. Қала әкімшілігі жағдайды реттейді деген сенімдемін. Ескерткіш авторының өзі келіп хабар алып тұрса да жақсы болар еді деп ойлаймын. Майя Кононенко, Ақтау қаласының тұрғыны
Бояуы өшіп, сыны кеткен мүсіндер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды. Өткен жылы қойылған бұл композиция осы уақытқа дейін екі рет қалпына келтіріліпті. «Биші қыз» мүсіндерінің біреуінің көзіндегі бояуы кетіп қалса, екіншісінің көз қарашығы қисық салынған. Тұрғындар тіпті ескерткішті жасаған адам мас болды ма деп те әзілдеп жатыр. Ал, шенеуніктер болса бәріне кінәлі жауын-шашын деп отыр. Айтуларынша ескерткіштер соңғы рет былтыр тамыз айында боялған екен.
Сырлау жұмыстары жылына екі мезгіл жүргізіледі. Қазіргі ауа-райының қолайсыздығына байланысты мына жаңбырға байланысты бет жағының бояуы аққан болатын.Соған байланысты сырлау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қаланы аббаттандыру жұмыстары мердігер мекеме анықталғаннан кейін тіисті жұмыстар жүргізілетін болады. Бақтияр Мақсатов, Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript