Жаңалықтар тізбегі
0

Израильде санитарлық шектеулер қайтадан енгізілуі мүмкін

израильде шектеулер еңгізіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 23:11 Сурет: pixabay
Израильде коронавирус жұқтыру көрсеткіші қайта өсе бастады. Әзір көрсеткіш тым жоғары емес, дегенмен, билік бұған алаңдап отыр6 деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, парламент санитарлық шектеулерді қайта енгізуді қарастырып жатыр. Соңғы апталарда болып жатқан оқиғаларға байланысты ковид назардан тыс қалды. Алайда коронавирус құрыған жоқ. Жұқтыру бойынша ең төмен көрсеткіштерге жеткен Израильде ол қайта өрши бастады. Оған қоса елде вакциналау науқаны да тоқтап қалды деуге болады.

Осы екі жылда бәрі ковидтен жалығып кетті. Екпе салғысы келгендер вакциналанды, тағы біреулерін бұл қажет екендігіне көзін жеткіздік. Алайда бұған көнбеген жұрт та бар. Юрий Ранков, Тель-Авив бірінші медициналық орталығының директоры.

Індеттің қайта өршуіне әсер еткен себептердің бірі Украинадағы соғыс. Халықтың жаппай босуы эпидахуалдың нашарлауына әкелді. Украина 3 мың шақырым қашықтықта болғанымен Израильге ол елден келген босқындар саны күрт артты. Ресейден де көп адам келіп жатыр.

Бұл елдерде вакциналау деңгейі төмен болғанын ескеру керек. Сондықтан соғыс басталып, жаппай миграция басталған кезде ұжымдық иммунитет қалыптаспай, ауру жұқтыру деңгейі жоғары болатын. Ал бұл олар келген елдерде ковидтің артуына әкелгені анық. Юрий Ранков, Тель-Авив бірінші медициналық орталығының директоры.

Үкімет індетпен күрес жоспарын талқылау үшін арнайы жиналыс өткізді. Әзірше маска тағу тәртібін енгізу және бұқаралық шараларды шектеу қарастырылып отыр. Ауруханалар індеттің жаңа толқынына дайындала бастады. Ал үкімет вакцина алуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: