Байден әлем азық-түлік тапшылығына тап болғанын ескертті
Бұл туралы ол G7 және НАТО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Азық-түліктің жетіспеушілігіне келсек, біз бұл туралы айттық. Бұл шындық. Санкциялардың құнын тек Ресей ғана емес, көптеген басқа елдер, соның ішінде Еуропа мен біздің ел де көтереді. АҚШ президенті Джо Байден
Байден Ресей мен Украина Еуропаны азық-түлікпен қамтамасыз еткенің жеткізді. Ол G7 көшбасшыларымен бидай саудасын қалай жеделдету және азық-түлікті шетелге тасымалдауға «сауда шектеулерін жою» туралы сөйлескенін айтты.
Ол сондай-ақ азық-түлікті қамтитын гуманитарлық көмек үшін АҚШ-тың «маңызды» инвестициялық моделін атап өтті. Украина мен Ресейден жеткізілім әлемдік бидай саудасының шамамен 30% құрайды.
Наурыздың 16-сы күні БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы Украинадағы оқиғалардың азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының көтерілуіне әкеліп соғатын әлемдік экономиканы күйзелістерге әкелетінін хабарлады. Дамыған елдер әсіресе «азық-түлік, жанар-жағармай және тыңайтқыштар бағасының жылдам өсуі» аясында болып жатқан оқиғалардан қатты зардап шегеді.
24 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон бұрын-соңды болмаған жаһандық азық-түлік дағдарысы туралы ескертті.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш де Украинадағы жағдай жаһандық азық-түлік дағдарысын тудыруы мүмкін екенін ескертті.