Десанттық-шабуылдау әскерлері полигондарға көп шақырымдық марш жасайды

оқу жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 16:31 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр. Аталған іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Десантшылар полигондарға көпшақырымдық марш жасайды. Оның ішінде, Алматы, Талдықорған гарнизондары әскери бөлімдерінің жеке құрамы «Іле» полигонына, Қапшағай гарнизонының десантшылары «Шошқалы» полигонына жіберіледі. Әскерлердің жауынгерлік техникамен қозғалысы түнгі уақыттарда әскери авиация тікұшақтарының бүркемелеуімен және жедел бүркемелеу шараларын сақтаумен жүзеге асырылатын болады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Марш жасау жауынгерлік және арнайы техникалардың техникалық жағдайын, сондай-ақ механик-жүргізушілердің дайындық деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамалары мен бөлімдерінің басшылық құрамы қозғалыс кезінде бөлімшелерді басқару, барлау, коменданттық қызметті ұйымдастыру, тосқауыл шебін еңсеру мен маршты жан-жақты қамтамасыз ету тәжірибесін игеретін болады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілер шартты аудандарға келгеннен кейін түрлі жауынгерлік іс-қимылдардан тұратын оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайды. Тапсырмалардың мазмұны оларды орындау алдында ғана бөлімшелерге белгілі болады. Бұл командирлердің өз бетінше шешім қабылдауға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Бақылау тексерісінің басты мақсаты әскери қызметшілердің күрделі жауынгерлік жағдайда іс-қимыл жасауға әзірлігін, Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің оқу-жаттығу деңгейі мен үйлесімдігін бағалау болып отыр.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Биылғы сәуір айында Қарулы күштерде бақылау тексерісі жаңа пішінде жүргізіледі. Құрамалар мен бөлімдер полигондарға шығып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Тексеріс нәтижесі бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі бағаланады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: