Алматы көлік қаңқасын қалыптастыру: қалада екі BRT желісінің құрылысы жүріп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Алматыда көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 15:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Алматыда көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы есебінде айтылды.

2025 жылы 23 сәуірде Райымбек даңғылы бойымен ұзындығы 17 км болатын BRT желісінің құрылысы басталды. Ал 2025 жылы 26 сәуірде Желтоқсан көшесі арқылы Райымбек даңғылына дейін ұзындығы 4,6 км болатын қосымша желінің құрылысы қолға алынды. Бұл ретте "қасбеттен қасбетке дейін" принципі бойынша көше толық көркейтілді.

Қазіргі таңда инженерлік желілерді қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысын уақытша қайта ұйымдастыру сызбасы дайындалып, әлеуметтік желілер мен "Almaty Joly" телеграм арнасы арқылы хабарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: