Павлодар облысында көлік жыраға түсіп кетті

ДТП болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 11:52 Сурет: Zakon.kz
Жол апаты Аққулы ауылы маңында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, 25 сәуір күні сағат 15.00-де Омбы - Майқапшағай автожолының 522 шақырымында «ВАЗ 21124» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деді полиция департаментінде.

Сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: