Жаңалықтар тізбегі
0

ХХ ғасырдың қасіреті: Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 36 жыл

атом электр стансасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 14:25 Сурет: unsplash
Осыдан 36 жыл бұрын Чернобыль атом электр станциясында ең ірі апат орын алып, ол ХХ ғасырдың қасіреті аталды, деп хабарлайды Zako.kz.

1986 жылы 26 сәуірде Припять (Украина) қаласына жақын жерде орналасқан Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергоблогының реакторы қирады.

Чернобыль атом электр станциясының төртінші энергоблогындағы жарылыс кезінде қоршаған ортаға радиоактивті заттардың көп бөлінуі орын алды. Жарылыс күші бір кездері Хиросимаға (Жапония) тасталған 500 атом бомбасына тең болды.

Оқиға орнынан 30 км радиуста орналасқан аумаққа күшті радиоактивті радиация түскен. Бірақ, кейін белгілі болғандай, апаттың ауқымы әлдеқайда үлкен болды. Реактор толығымен бұзылып, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың көп мөлшері тарады.

Табиғат пен қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген ауқымды трагедия мыңдаған адамдардың өмірін қиды.

Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер ғана емес, бейбіт тұрғындар да жұмылдырылды, нәтижесінде өлімге әкелетін радиация дозаларын алды.

Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға 31 мыңнан астам қазақстандықтар да қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: