Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 3000 отандасымыз қажылық парызын өтей алады

үш мыңнан астам адам қажылыққа барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 09:27 Сурет: pixabay
Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлерінің қарарымен 1987 жылы белгіленген тәртіп бойынша әр мұсылман елінен бір миллион адам арасынан бір мың адам қажылық жасауға болады деп бекітілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пандемияға дейін Қазақстаннан 10 000 мұсылман адамға дейін қажылық жасауға мүмкіндік берілген. Алайда екі жыл әлемдік індет салдарынан елімізден ешкім қажылыққа бара алмады.

2022 жылы Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі әлем елдерінен қажылыққа келетін мұсылмандар санын 45,2 пайызға дейін қысқартып 1 миллион адамды ғана қажылыққа шақырып отыр. Сол себепті биыл Қазақстанға 4527-ге дейін қажылық орындарын алуға рұқсат берді.

Алайда бірнеше себептерге байланысты 2022 жылы конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы алғанда 3000 қажылық орындары бөлінді.

Сауд тарапы Қазақстанға 4527-ге дейін алуға рұқсат еткен қажылық орындарынан тек 3000-ын ҚМДБ аталған туроператорларға бөлудің басты себептері:

  • Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққанда курсының күрт өсуі.

  • 2019 жылдың қыркүйегінде САК билігі ҚҚС (НДС) мөлшерін 15% дейін өсірді. Бұл өз кезегінде қажыларға көрсетілетін қызметтің (көлік, тамақ, қонақ үй, т.б.) бағасының өсуіне әсер етті.

  • Пандемияға дейінгі алдыңғы жылдардағы қажылық маусымдарында Қазақстан 3000-нан аспайтын қажылық орындарын қиындықпен игере алатын.

  • САК Қажылық және ұмра министрлігінің қажылардың жасын 65-тен асырмау бойынша бүкіл мемлекеттерге қойылған талабы, қазақстандық турфирмалар үшін клиенттердің/қажылардың санын толтыруға кері әсерін тигізеді (әдеттегідей қажылардың 35%-ы 65 жастан асқан азаматтардан құралады).

2022 жылғы қажылық орындарын алу бойынша конкурстан өтіп, өткен қажылық маусымында қажылық жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсеткен сапасы мен қызымет деңгейіне қарай, 3000 қажылық орындарынан әр түрлі көлемде қажылық орнын иеленген туроператорларға жалпы қажылық орындарының санын 3500 немесе одан жоғары 4527 қажылық орнына дейін алуға толық мүмкіншілік бар екендігі ескертілді. Алайда, жоғарыда айтылған себептер мен дәйектерге сүйенген «Nurkhan travel», «Қызмет Саяхат», «Tawaf Travel», «Qazaq Travel», «Хидаят-Нур», «Нұр-Қазақстан», «Сембекова и К», «Mina travel», «Ал-Маруа» және «Robinzon kz» туристік фирмаларының басшылары мен өкілдері Қазақстан азаматтары үшін 2022 жылғы қажылық маусымында 3000 қажылық орыны жететіндігін баса айтты. Ал, «Хикмет Тревел», «Атлас Туризм», «Sanabl» және «Ордабасы – НЖ» туристік фирмаларының басшылары мен өкілдері Қазақстан азаматтары үшін 2022 жылғы қажылық маусымында 3500 қажылық орыны толатындығына сенімді екендіктерін жеткізді.

Туристік фирмалардың басшылары мен өкілдерінің пікірлері дауысқа салынып, нәтижесінде Сауд Арабиясы Королдігінің Қажылық және ұмра министрлігінен Қазақстан азаматтары үшін 2022 жылғы қажылық маусымына 3000 қажылық орындарын алатын болып шешім қабылданды.

Себебі САК Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан азаматтары үшін берген қажылық орындары толмай қалған жағдайда туроператорлар қыруар шығынға ұшырап, Қазақстан қажылық миссиясына айыппұл салынатындығы белгілі.

Қажылықсыз өткен екі жыл Қазақстан Мұсылмандарының да көңілін құлазытқаны айдан анық. Миллиондаған мұсылман індеттен тезірек құтылып, қажылық пен ұмра рәсімдерін еркін атқаратын күнге жетуді Алладан жалбарына сұрады. Бүгінгі таңда қажылыққа баруды аңсаған отандастарымыздың ниетіне жетуге көп уақыт қалмады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: