Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақша сөйлеп, қаражорға билейтін, ораза ұстап, жұмаға баратын Михаил Крокус

Михаил Крокус, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 12:17 Сурет: ІІМ
Арыс тұрғыны Михаил Крокус ұлты орыс бола тұра қазақша таза сөйлейді. Тіпті өлең шығарып, қаражорға билейтін өнері де бар. Ол 4 жылдан бері ораза ұстап, жұма сайын мешітке барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолдастары Михаилды Мәди деп атап кеткен. Ол «Қаражорға» биін өзі қызығып, теледидардан кәсіби бишілердің іс-қимылын қарап отырып үйренген. Ал қазақшасын өскен ортасында қалыптастырыпты. Ол кішкентайынан қазақ отбасының балаларымен дос болған, бірге ойнаған.

1998 жылы дүниеге келдім. 9-сыныпқа дейін Леңгір қаласындағы қазақ мектебінде білім алдым. Ал кейіннен Арысқа қоныс аударып, осындағы орта мектепті бітірдім. Қазір екі тілде де еркін сөйлеймін, – дейді Михаил Крокус.

Михаил Крокус — ІІМ-ге қарасты Алматы академиясының түлегі. Еңбек жолын Арыс қалалық полиция бөлімінде «жедел әрекет ету» бөлімінде бастаған. Қазір учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып жүр.

Мен қарайтын аумақта 3000-ға жуық халық, мектеп, тойхана, дүкен және өзге де әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік құрылымдар бар. Таңертең ерте көшені аралап, ақсақалдармен кездесемін. Қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатында қызмет етіп келемін, – дейді лейтенант.

Сонымен қатар Михаил мәдени спорттық іс-шараларға да үнемі қатысып отырады. Облыстық «Парасатты полицей» байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Ал республикалық сайыста үшінші орынды еншілепті.

«Жақында Нұр-Cұлтанда өткен «Татулық – тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық сайысқа қатыстым. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету, мемлекеттік тілді насихаттаумен қатар ішкі істер органдарында тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында өткен байқауға 19 полиция қызметкері қатысты. Сонда өзім шығарған өлеңмен таныстыруымды айтып, қаражорға биледім. Көрермен көзайымына айналып, ІІМ «Алғыс хатымен» марапатталдым», - дейді ол.

Михаил Крокус жақында отбасын құрған. Бүгінде жұбайы Айдана екеуі алғашқы сәбиін күтіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: