Үндістанда күйеу жігіт тойға кешіккесін қалыңдық қонақтардың біріне тие салған

Үндістандық қалындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 11:46 Сурет: pixabay
Үндістанның Махараштра штатында ата-анасы қалыңдықты тойға қонақ болып келген жігіттердің біріне ұзатып жіберді, деп хабарлады Zakon.kz.

Бұған күйеу жігіттің мас болып қалып, өзінің тойына кешігіп келгені себеп болыпты, деп жазады turkystan.kz.

«Қыздың жаңа күйеу жігітін өз әкесі таңдапты. Ол тура тойдың салтанаты кезінде келген қонақ жігіттердің бірін өз қызымен некеге отыруға көндіріпті.

Мерекелік шара сағат 16.00-ге белгіленеді. Күйеу жігіт бұдан төрт сағат кейін келеді. Соған дейін ол достарымен бірге өзінің қуанышын жуып жүріпті», – делінген порталда.

Күйеу жігіт жора-жолдастарын ертіп, тойханаға келгенде «төбе шашы тік тұрып», қонақтармен сөзге келіп, жаға жыртысып, төбелесіп кетіпті.

«Қызым енді бұл жігітке тұрмысқа шықпайды. Күйеуім де соны айтып отыр. Тойға келмеген күйеу жігіт бәріне өзі кінәлі. Бәрі дайын болып тұрғандықтан, қызымыз өз туыстарымыздың біріне тұрмысқа шықты», – деді қалыңдықтың анасы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: