Алматыда құлаған ағаштардың 19 жағдайы тіркелді
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
11 мамыр күні түстен кейін Алматыда нөсер болды. Қала көшелері ағын суға толып, қозғалыс қиындады. Көшелерге су жиналып қалуы топырақтың шайылуына да себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа-райының қолайсыздығынан, атап айтқанда желдің екпіні мен қатты жаңбырдың салдарынан топырақ шайылды. Ал топырақтың шайылуы апатты және сау ағаштардың тамыр жүйесінің әлсіреуіне әкелді. Нөсер салдарынан Алматыда құлаған ағаштардың 19 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Алматы қаласының құтқару қызметіне ағаш діңі мен ірі бұтақтарының құлауы туралы 19 хабарлама түскен. Салдарынан бір автокөлік пен бір тұрғын үй зардап шеккен.
Салдарды жою аудан әкімдіктерінің мердігерлік ұйымдарының және Алматы қаласы құтқару қызметінің күшімен жүргізіледі. Залалдарды жоюға 12 жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылды, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript