Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда дайын нөмірлер мен құжаттарды онлайн түрде табыстайтын АвтоХҚО ашылды

ХҚКО  ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 15:10 Сурет: АвтоХҚО
Нұр-Сұлтанда дайын нөмірлерді, техникалық төлқұжатты және жүргізуші куәлігін онлайн түрде табыстайтын АвтоХҚО ашылды. Бөлім Есіл ауданы, Сауран, 7 мекенжайы бойынша № 2 ХҚО ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары енді онлайн режимінде техникалық төлқұжат, мемлекеттік нөмір алу және жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде Сауран, 7 мекен-жайында орналасқан АвтоХҚО-ның жаңа автобөлімінен дайын құжаттарды ала алады.

Жаңа бөлімде екі терезе қызмет көрсетеді, онда дайын нөмірлер, техникалық төлқұжаттар және жүргізуші куәліктері беріледі (құжатты жаңарту кезінде ғана, алғашқы жүргізуші куәліктері емтихандарды тапсырғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-да ғана беріледі).

Жыл соңына дейін мұндай бөлімдерді Қазақстанның басқа да ірі қалаларында ашу жоспарланып отыр.

Қосымша, барлық аталған мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болатының жеткіземіз.

Сондай-ақ Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы көліктерді қайта тіркеуге болады.

Жаңа бөлімде электрондық үкімет порталы арқылы тұтынушыларға тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу және банктік қосымшалар арқылы автокөлікті тіркеу жолдарын түсіндіретін кеңесшілер жұмыс істейді.

Серіктестік ақпарат

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: