Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

әкім халықпен кездесті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 15:36 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басшысы өнер адамдары үлкен құрметке лайық екенін баса айтты.

әкім халықпен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 15:36

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздердің жұмыстарыңыз өзіндік ерекшеліктерге толы. Кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Еліміздің рухани тірегі – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз болса, Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге еліміздің, облыстың мәдениетінің дамуы жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді, - дей келе Нұржан Нұржігітов өңірдегі мәдени-тарихи бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Өз кезегінде сала ардагерлері мен қызметкерлері де орамды ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

әкім халықпен шара өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 15:36

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқосуда облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Алшынбаеваға, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Инкарбековаға, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әртісі Құрмантай Қуанышбаевқа, облыстық орыс драма театрының әртісі Марина Просоловичке, «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің музыкалық жетекшісі Мария Раимкуловаға, Талас ауданы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің солисті Жақсылық Тілеубековке, облыстық тарихи-өлкетану музейінің орынбасары Ранохан Убайдуллаеваға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері мен өнер майталмандары облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

әкім халықпен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 15:36

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: