Рубль бағамы 7,43 теңгеге дейін көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге қымбаттап, 434,72 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда көлемі 81,69 млн долларды құрады.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да өсуді жалғастырып, 7,43 теңгеге (+0,25) жетті. Сауда көлемі 282,80 миллион рубльді құрайды.
Еуроның орташа сараланған бағамы 0,41 теңгеге төмендеп, 462,50 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 64,69 теңгені (-0,10) құрады. Сауда көлемі 9,8 миллион юань.
Ақша айырбастау орындарында доллар 433-437 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 463-471 теңгеге өсті. Рубль – 6,5-7,05 теңге.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript