Маусымдағы жылдық инфляция 14,5% болды

тауарлар қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 12:36 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы маусымда өткен жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 19,2%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 13,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы АПР Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде бағаның ең көп өсуі қантқа – 78,7%-ға, қырыққабатқа – 72,4%-ға, пиязға – 69,3%-ға белгіленді. Картоп бағасының 9,8%-ға төмендеуі байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусыммен салыстырғанда) 13,2%-ды құрады.

Бағалардың өсімі:

  • жеке пайдалануға арналған тауарлар – 23%-ға,

  • жуғыш және тазалау құралдары – 20,8%-ға,

  • тұрмыстық техника – 19,7%-ға,

  • құрылыс материалдары – 18,6%-ға,

  • жиһаз және тұрмыстық заттар – 18,2%-ға,

  • автомобильдер – 15,1%-ға,

  • тағамдар – 13,9%-ға,

  • тоқыма бұйымдары – 10,8%-ға,

  • фармацевтикалық өнімдер – 9%-ға.

Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда (2022 жылдың маусымынан 2021 жылдың маусымына дейін) 9,2%-ға өсті.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне баға деңгейі 15,9%-ға, денсаулық сақтау – 14,7%-ға, санаторийлерге – 13,7%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 13,2%-ға, шаштараз және жеке күтім қызметтеріне – 12%-ға, қонақүйлерге – 5,7%-ға өсті.

Жолаушылар тасымалы қызметі 4 пайызға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында электр энергиясына – 7,5%-ға, қоқыс жинауға – 2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,4%-ға, орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға – 0,9%-ға тарифтер өсті.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексін есептейді. 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарларға тарифтер мен бағаларда өзгерістер бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: