Нұр-Сұлтан мен Алматы әлемдегі үздік студенттік қалалар қатарында

Еліміздегі екі мегаполис – Нұр-Сұлтан мен Алматы Британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жасайтын әлемдегі ең үздік студенттік қалалардың жыл сайынғы (QS Best Student Cities 2023) рейтингіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Қазақстанның астанасы алғаш рет беделді рейтингке еніп, Даремді (АҚШ), Анкараны (Түркия) және Кейптаунды (Оңтүстік Африка) басып озып, 92-орынға орналасты.
Алматы бірден 30 позицияға жоғарылап, 105-орыннан 75-орынға көтерілді. Осылайша Алматы Голд-Кост (Австралия), Каир (Мысыр) және Лестер (Ұлыбритания) қалаларын артқа тастады.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Қаланы бағалау кезінде көптеген критерийлер ескеріледі:
студенттер қауымдастығының халықаралық сипаты;
қоғамның басқа мәдениеттерге төзімділігі;
экология;
экономикалық өмір сүру деңгейі;
қауіпсіздік деңгейі.
Сонымен қатар қала бұл рейтингке сай келуі үшін қалада QS World University Rankings университеттерінің ең беделді әлемдік рейтингіне енген кемінде 2 университет болуы керек.
Студенттердің үздік қаласы рейтингінде Лондон, Мюнхен және Сеул көш бастап тұр.
2023 жылғы Студенттердің үздік қалалар тізіміне барлығы 140 қала енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript