Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Сайран көлінің үстінде «сөйлейтін» дрон ұшып жүр

Сайран көлі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 17:10 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінің үстінен дрон ұшырды. Енді демалушыларға суға түсу ережесін ұшып жүрген дрон айтып, көрсетіп бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстводағылар аптап ыстық басталғалы көл маңында шомылушылар көбейгенін айтты.

Сонымен қатар көл маңына рейд жүргізгенде су айдындарында алкоголь ішіп жүретіндер жиі тіркеледі.

Суға түсу маусымы басталғалы Сайран көлінде 8 адам құтқарылды. Оның екеуі – балалар. Сонымен қатар маусым айынан бері белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін және су айдындарының маңында алкоголь ішкені үшін 26 тәртіп бұзушыға жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Алматылық құтқарушылар көп функциялы дронның көмегімен қашықтан адамдардың әрекетін немесе басқа да жағдайларды көре алатыны бұған дейін хабарланған еді. Арнайы дрон өрттің шығу орнын, сонымен қатар тәртіп бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Дрон таулы аймақта демалушылар көп болатын демалыс күндері ұшады. Ұшу қашықтығы – жеті шақырым.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: