Жаңалықтар тізбегі
0

S&P Global Ratings: «Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары»

Каспи рейтингісі жоғары, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 16:38 Сурет: S&P Global Ratings
Мықты операциялық көрсеткіштерге байланысты рейтинг «BB-/B; болжам «Жағымды» деңгейінде мақұлданды.

28 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ−/В» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша эмитенттің рейтингін «kzА» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам – «Жағымды».

«S&P рейтинг агенттігінің кредиттік портфеліміздің сапасына және жалпы Kaspi.kz бизнес-моделінің бірегейлігіне жоғары баға беріп отырғанына қуаныштымыз. Біздің командамыз жетілдіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіреді, бұл компаниямыздың операция бойынша керемет көрсеткіштерінен көрінеді», – деп пікір білдірді. Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы

«Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша «Жағымды» болжамы банктің алдағы 6-12 айда активтер сапасының жақсаруын, соның ішінде қазақстандық банктермен салыстырғанда кредиттер бойынша неғұрлым төмен шығын деңгейін тұрақты түрде ұстап тұрады деген болжамымызды көрсетеді», – деп атап өтті агенттікте.

Кредиттік портфельдің сапасы бірнеше жыл қатарынан үнемі жақсарып келеді. ХҚЕС анықтамалары бойынша 3-кезеңге сәйкес сипаттамалары бар кредиттердің үлесі 2020 жылдың соңындағы 10%-бен салыстырғанда кредиттік портфельдің 5%-ға жуығын құрады. Сондай-ақ Агенттік кредиттер бойынша ықтимал шығындар резервтерін қалыптастыру шығыстары 2022 жылы 2% деңгейінде қалады деп күтеді.

Kaspi.kz операциялар бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROAE) соңғы бірнеше жылда 80% -дан астам көрсеткішті құрады. Бұл аймақтағы көптеген банктермен салыстырғанда жоғары. S&P көрсеткіш алдағы екі жылда осы деңгейде қалады немесе арта түседі деп болжайды.

Сарапшылардың пікірінше, топ бизнесінің тұрақтылығына ол қызметін жүргізетін барлық платформадағы мықты нарықтық позициялар, сондай-ақ бизнесті жоғары әртараптандыру ықпал етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: