Метроны Алматы-1 станциясына дейін ұзартпақ
Мегаполис басшысы мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін, сарапшылық қоғамдастық өкілдерін 2025 жылға дейінгі Даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар жобасын таныстыру барысында хабардар етті.
Батыс бағытта үш жаңа метро станциясы салынады. Алматы метрополитенін одан әрі дамыту аясында метрополитенді солтүстік бағытта Алматы-1 теміржол вокзалына дейін ұзарту бойынша ұсыныстар дайындалады. Ерболат Досаев
Әкім мегаполистің көлік сызбасын одан әрі жетілдіру аясында 2025 жылға қарай қаланың тоғыз ішкі көшелері мен БАКАД-қа (Алматы шекарасына дейін) шығатын жолдарды тесуді аяқтау жоспарланғанын атап өтті.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, осы күнге дейін Қалқаман метро стансасы ашылады деп жоспарланған.
Еске салайық, 30 мамырда Алматыда екі жаңа метро – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциясы іске қосылды. Алматы метросының желісін «Алтын Орда» базарына дейін ұзарту жоспарлануда.
Бұған дейін қалалық мобильділік басқармасындағылар метро желісін батыс бағытта дамыту алдын ала Абай даңғылы бойымен, әрі қарай Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін жоспарланғанын түсіндірді.