Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар күрт көтерілді
Кейбір сарапшылар ҚКҚ жабылуы және мұнай бағасының төмендеуі туралы жаңалықтар фонында шетел валютасы күрт көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен, kurs.kz сайтының 11:45-тегі таратқан ақпаратында, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттері доллардың орташа сараланған бағамын – 475, сату – 480 теңге деп белгіледі.
Алматыда айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 474,5, сату – 483,5 теңгеге жетті.
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банктің 7 шілдедегі ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы 469,26 теңге.
Бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты мұнайдың төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттық бұзушылықтарға байланысты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтатқан болатын.