ҰҚК-нің жалған қызметкері Түркістан облысының тұрғынын 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен

ҰҚК қызметкері әйелді алдап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 10:38 Сурет: pexels
Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне әйел арызданған. Оның танысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) жұмыс істейтінін және "Алматыда кедендік бақылауда тұрған құндылықтарды алып кетуге" көмектесетінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК-нің жалған қызметкері жәбірленушінің 1,5 миллион теңге ақшасын алдап кеткен. Уәдесінде тұрмай, ақшаны қайтармаған. Іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы- "Алаяқтық" фактісі бойынша тіркелді.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады - ол жергілікті тұрғын болып шықты. ҰҚК-не еш қатысы жоқ, жұмыссыз. Белгілі болғандай, ер адам әйелді таксиде Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына бара жатқан жолда кездестіреді.

Күдікті өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырды. Содан жәбірленушінің сеніміне кіріп, өзара келісті. Алайда ақшаны алған ер адам көзден ғайып болды. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: