Доллар қайтадан көтеріле бастады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,51 теңгеге көтеріліп, 479,83 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 8,25 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,96 теңгені (+0,635) құрады.
Еуро бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 487,2 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 479-484 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 489-494 теңгеге өсті. рубль – 7,4-7,9 теңге.
Ал 26 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне $106,49 (1,27%-ға жоғары) болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $97,98 (1,32%-ға жоғары) болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript