Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрлігі үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады

қантты мегаполистерге тасымалдайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 10:42 Сурет: pixabay
Қант қат болған соң тосап қайнатып жатқандар биыл аз. Сондықтан жеміс-жидектің де саудасы қызбай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанттың құны биыл екі есе өсті. Қазір оның бір келісі 740 теңгеден сатылуда. Ал халық тәулігіне орташа есеппен 650 тонна құмшекер тұтынады, деп жазады Астана телеарнасы.

Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының мәліметінше, қазір барлық күш шағын бизнеске көмектесуге бағытталған. Елімізде 10 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны банкрот болудың алдында тұр.

Қанттың шамамен 60-70% мәзірге қосымша консервант ретінде қосылады. Тәтті тоқаш, кондитерлік өнімдердің барлығына қажет. Қарапайым, қамыр дұрыс көтерілу үшін де қант қосамыз. Құны 30-35 процентке өсіп жатса түсінуге болады. Індетке дейін әрі кетсе 35-40 процент шамасында болады. Қазір 60 пайызға өзгеріп отыр. Вероника Нұрпейісова, ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі

Ауыл шаруашылығы министрлігі республикадағы үш мегаполиске қосымша қант жіберу туралы шешім қабылдады. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажеттілікті есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер қантты беру алгоритмін әзірлемек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: