Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды
Huber маркалы сағатта Гитлердің нацистік белгісі және AH жазуы бедерленген.
Сағаттың аукционда сатылуына байланысты еврейлер де қарап қалған жоқ. Олардың көшбасшы тұлғалары наразылық білдірген. Алайда, неміс БАҚ-тарының жазуынша, тек Гитлердің ғана емес, басқа да нацистік символикасы бар заттарды акуционға шығару – тарихты сақтап қалу деп түсіндірген, деп жазады turkystan.kz.
Гитлер таққан қолсағат 1,1 млн долларға сатылды
Аукционда айтылғандай, бұл қолсағат 1933 жылы Гитлер Германияның канцлері болған кезде сыйлыққа келген. Қолсағат 7 түрлі адамның қолынан өтіп, бірнеше рет сатылымға да шыққан.
Alexander Historical Auctions аталған қолсағатты нақты Гитлер тақты дегенге дәлел келтіре алмаған. Дегенмен тәуелсіз сарапшылар оның Гитлерге тиесілі екенін атаған.
Аукционда қолсағат 2 немесе 4 миллион долларға сатылады деп күтілген. Алайда ондай жомарт жан табылмаған секілді.