"Ғасыр голын" соққанда Марадона үстінде болған футболка 9,28 млн долларға сатылды
Бұл туралы Аукцион үйі Twitter -де хабарлады.
Жейде иесінің аты жарияланбаған.
Дереккөздің хабарлауынша, аргентиналық футболшының 1986 жылғы Әлем чемпионатының 1/4 финалында Англия құрамасымен (2:1) өткен ойында киген футболкасы сатылымға шығарылған. Бұл ойында Марадона дубль жасап, голды қолымен соқты, кейін бұл гол "Құдайдың қолы" деген атауға ие болды. Футболканың бастапқы бағасы - € 4,98 млн.
Соңғы 35 жыл бойында бұл футболка Англияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Стив Ходжға тиесілі болып келді. Тарихи матч аяқталған соң ол Марадонамен футболкасын алмастырған еді. Марадона футболкасының сатылымы спорттық атрибутика тарихындағы рекордтық келісімге баланды.
Алдыңғы рекорд 2019 жылы америкалық бейсбол ойыншысы Майк Бейб Руттың мәйкісі 5,64 миллион долларға сатылған кезде орнатылған болатын.